«Orken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми -әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтеріне арналған «Құзыреттілік орталықтары: тәжірибе, инновация, перспективалар» тақырыбындағы өңірлік семинар өтті.

2024 жылы қазан айының 23 жұлдызында ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы»КҚМК-да «Orken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми -әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтеріне арналған «Құзыреттілік орталықтары: тәжірибе, инновация, перспективалар» тақырыбындағы өңірлік семинар өтті.
@rakhatbalabaqsha «Ұлттық тәрбие арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту» тақырыбындағы тәжірибелік алаң “Рахат” фильм киностудиясы форматында өтті.

📍Мақсаты: Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруда құзыреттілік орталықтардың озық іс-тәжірибелерін тарату.

📚Семинарға өңірлік орталықтардың әдіскерлері; аудандық/қалалық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдіскерлері; мектепке дейінгі мекеме басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты.

Балабақша бүлдіршіндерінің ән-шашуымен басталды . ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» КММ директорының м.а. Ерманова Мария Наятовна сөз сөйледі. Тәжірибе үлгісі, лайфхактар, шебер-сынып, іскерлік ойын көрсетілді. Музыка жетекшісі Кашей Жайнагүл “Ұр тоқпақ”музикл тамашаланды. Келген қатысушылар
«Айсауле» ересек тобы “Қошқар мен теке”
«Балбұлақ» ересек тобы “Менің сүйікті дәрігерім”
«Бүлдіршін» ересек тобы “Алпамыс мектепке барады”
«Қуырмаш» мектепалды тобы “Көксерек”
«Балдырған» мектепалды тобы “Менің атым Қожа”
«Жұлдыз» ортаңғы тобы “Тақиялы періште”
фильмдерінене үзінді бойынша балалардың белсенді қызмет орталықтарымен танысты. Тәжірибелік алаңындағы жұмыстарды қорытындылаумен аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *