Мектепке дейінгі тәрбие бойынша қызметкерлерге арналған семинар- практикум.

Мектепке дейінгі тәрбие бойынша қызметкерлерге арналған семинар- практикум.

✍🏻2023 жыл тамыз айының 16-сы күні ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “№15 “Рахат” балабақша- бөбекжайы” КМҚК- да 2023 жылдың 1-шілдесіндегі ҚР Оқу-ағарту министрінің №192 “Озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталықтарын құру” туралы бұйрығына сәйкес ШҚО ББ “Шығыс өңірлік орталығы” КММ “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қабинеті” қолдауымен
Республикалық семинар-практикум өтті.
📍Тақырыбы: “Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асыру жолдары”.
📍Мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелердің педагогтеріне озық әдіс-тәсілдерді пайдалану бойынша әдістемелік қолдау көрсету және кәсіби өсу жолында жұмыс тәжірибелерін жинақтауға ынталандыру.
Семинарға облыстың мектепке дейінгі мекемелері мен шағын орталықтарының педагогтері қатысты. Сонымен қатар, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сагалиева Ж. К, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын қамтамасыз ету орталығының басшысы Мукушева Г. О, Айзель Алибековна арнайы келді. Семинар балабақша тәрбиеленушілері мен педагогтерінің музыкалық сәлемімен басталды. “Дәліздегі заттық дамытушы орта” орталығының ашылу салтанаты болды. Балабақша ішіне экскурсия жасалынды. Шебер сынып көрсеткенкен педагогтер ҚР Оқу-ағарту министрлігі “Балаларды ерте дамыту институты” РММ директоры М.Адамованың құрмет грамотасымен марапатталды. Жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, семинардың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *