АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР

АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР

📍Астана қаласында 2023 жылы 13-21 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыруда мектепке дейінгі білім берудегі басқару және менеджмент» тақырыбында №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы меңгерушісі Қапезова Сара Баймухановна біліктілікті арттыру курсынан өтті.

🔻Курс барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының директоры Манара Елекенқызы және орынбасары Мария Наятқызы мектепке дейінгі ұйымды басқарудағы заманауи әдіс тәсілдері мен сапаны бағалау өлшемшарттарына сәйкес дәріс берді.

📚Балабақша директоры С.Б. Капезова «Балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастық” тақырыбы бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Болашақ ұрпақ тәрбиесінде балабақша мен отбасы арасындағы байланыс аса маңызды екенін көрсетіп өтті. Балабақшада ұйымдастырылып жатқан жұмыс түрлеріне тоқталды:
🔸Заттық-кеңістік дамытушы орта
🔸Сюжетті-рөлдік ойындар алаңы
🔸Мобильді кітапхана, ақылды еден, зертхана
🔸Ұлттық күн
🔸Ата-аналармен бірлескен іс-шаралар

Сонымен қатар, құзіреттілік орталықтарының жұмысын дұрыс ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жәй күйі, алда тұрған міндеттер мен өзекті мәселелер талқыланды. Білім жетілдіру барысында озық тәжірибелер мен тың идеяларды ұсынған ҚР оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтына алғысымызды білдіреміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *