2024 жылдың 16-шы мамырында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “№15 “Рахат” балабақша-бөбекжайы” КМҚК-да
Республикалық ғылыми практикалық XI конференцияның тәжірибелік алаңы
«Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің сапа шеңбері — үздіксіз кәсіби даму және сапаға бағытталған жаңашыл бастамалар» тақырыбында өткен Республикалық XI конференция
Халықаралық «Step by step» ассоциясының мүшесі Бахытгул Саматқызы келіп, балабашамыздың қайнап жатқан өмірімен танысып, жоғары баға берді.
Балабақша ауласындағы белсенді дамыту орталықтарымен танысты.
Тәжірибелік алаң: «Мектепке дейінгі бала тұлғасын дамыту мен қалыптастыру» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Шебер сынып:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың әртістік қабілеттерін жаңашыл ертегі терапиясы арқылы дамыту» тәрбиеші Доматай Марал
«Сиқырлы зертхана» тәрбиеші Турганбаева Жазира «Қуыршақ өнерінің бастауы ОRTEKE» музыка жетекшісі Кашей Жайнагул
Семинарға келген қатысушылар ШҚО аудандарына саяхат ретінде балабақша ішіне экскурсия жасады. Атап айтар болсақ:
➢Катонқарағай ауданы «Бал арасы» («Айсәуле» ортаңғы тобы)
➢Зайсан ауданы «Балықтар әлемі» («Бүлдіршін» ортаңғы тобы)
➢Марқакөл ауданы «Ұлттық құндылықтар» («Қуырмаш» ересек тобы)
➢Тарбағатай ауданы «Төрт түлік мал» («Жас толқын» ортаңғы тобы)
➢Күршім ауданы «Пішіндер» («Жұлдыз» кіші тобы)
➢Ұлан ауданы «Сүт өнімдері» («Бәйтерек» мектепалды тобы)
Психолог Динара Дулатқызы “Көңілді оркестр” тренингін өткізді.
Балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналармен бірлескен шығармашылығынан ән-шашу болды.
«Шығыстағы ұлы қоныс» рефлексиямен аяқталды.