«Рахат» балабақшасына 10 жыл»

 

2023 жылы 21-ші сәуір күні «Бүлдіршіндердің бал мекені — «Рахат» балабақшасына 10 жыл» балабақшаның мерейтойы өте жоғары деңгейде өткізілді. Мерейтойға Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы Чернышева Инесса Александровна, Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі білім беру педагогтері, ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы ШЖҚ РМК өкілдері, ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік мекемесі басшысы Махсутова Зейнеп Абдыжусуповна, ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Алагузова Сәуле Бауыржановна, ата-аналар қатысты. Келген қонақтарға балабақша жетістіктері мен педагогтердің өз қолдарынан жасаған көрнекіліктерінен құралған шығармашылық көрме көрсетілді. Топтардағы балалардың белсенді қызмет орталықтарымен танысты. Балабақша тәрбиеленушілері мен педагогтерінің музыкалық сәлемі тамашаланды. Ата-аналармен жұмыс ретінде “Қуырмаш”, “Айсәуле”,”Балауса” топтарының ата-аналарының өнерлері жоғары деңгейде бағаланды . Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы Чернышёва Инесса Александровна арнайы құттықтау тілегін білдірді. Білім саласына зор үлес қосқан педагогтер алғыс хаттармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *