
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «No15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК-да 2023 жылы сәуір айының 10-ы күні «Мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттілік дағдыларын ойын іс-әрекеті арқылы дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті. Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің педагогикалық үдерісті ойын іс-әрекеті арқылы ұйымдастыру ерекшеліктеріне негізі болатын практикалық білімдерінен тәжірибе алмасу. Семинардың ашылуына орай балабақша директоры Капезова Сара Баймухановна алғы сөз сөйледі. Әдіскер Казиева Меруерт Алмасовна, музыка жетекшісі Бабаканова Ардақ Слямханқызы және тәрбиешілер Доматай Марал, Бекбаева Гульнара Шагаевна, Айтмұхашова Рысгүл Төлегенқызы, Лукпанова Инкар Нурлыбековна ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізді. Тәрбиеші Жолдасбаева Арайлым Амирхановна «Балабақшадағы текемет басу технологиясы» бойынша шебер сынып көрсетті.