ШҚО Өскемен қаласы 15”Рахат” балабақша бөбекжайы ҚМҚК
Балбұлақ ортаңғы тобы.
Балбұлақ тобында ата-ана мен балабақша арасындағы қарым қатынасты нығайту мақсатында ашық есік күні болды. Қасиетті жұма күні балабақша басшысы Сара Баймухановна нұсқаулығымен “Ұлттық күн” деп жарияланғандықтан Берденбекқызы Зеренің анасы Абдгалим Асемгүл келді. Балаларға қазақ ұлттық астан жасалатын тағамдарды таныстырып өтті. Сүт өнімдерінен жасалатын тағамдар ( сүт,айран, май, құрт, ірімшік, қоспа) жасалу жолын балаларға көрсетіп өтті. Бүлдіршін тобының ата-аналары қонақта болды. Балалар өз қолдарынан жасаған құрт майларын балабақша басшысы Сара Баймұхановна әдіскер Меруерт Алмасқызына және балабақша қызыметкерлеріне өз қолдарынан дәм татқызды. Балалар дәруменге бай қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып мәз мейрам болды.