ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
📍2024 жылы ақпан айының 2-ші жұлдызында ШҚО ББ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ББ “№15 “РАХАТ” БАЛАБАҚША-БӨБЕКЖАЙЫ” КМҚК-да мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдардың басшыларына арналған “Ұлттық құндылықтар рухани тәрбиенің түп қазығы” тақырыбында қалалық семинар жоғары деңгейде өтті. Семинарға жеке меншік балабақша директорлары, әдіскерлері және тәрбиешілері қатысты. Музыка жетекшілері мен хореографтар дайындаған балалардың өнерлері тамашаланды. Балабақша директоры Капезова С.Б және әдіскер Казиева М.А ұлттық құндылықтарды балабақшада дәріптеу маңызы жайлы айтты.
📌Семинар бағдарламасына сәйкес “Айсәуле” ортаңғы тобы “Пішіндермен құрақ көрпе құрастырамыз”, “Балбұлақ”ортаңғы тобы “Ұлттық құндылық- ұлттық тәрбие”, “Қуырмаш” ересек тобы “Қазақтың ұлттық оюлары”, “Балауса” ересек тобы “Балабақшадағы қызықты сәттерім” дәліздегі қалашық, “Мөлдір бұлақ” мад тобы “Бесікке салу” салт-дәстүрі, “Бәйтерек” мад тобы “ Киіз үй -асыл мұра” тақырыптары бойынша келген қатысушылар ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер барысын бақылады. ҰІӘ ата-аналармен бірлесе балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға байланысты өткізілді.Әр жұма сайынғы ұлттық күнге орай ойнатылатын ұлттық ойындарға арналған әдістемелік көрме ұйымдастырылды.📚Кашей Жайнагүл “Халық әндері балабақшада” шебер-сынып, Базарбекова Ляйля Базарбековна, “Төрт түлік мал төресі — жылқы” қысқа мерзімді жоба, Турганбаева Жазира Тусупбековна қызықты тәжірибе алаңын көрсетті. “Еркін микрофон” тақырыбында психолог Динара Дулатқызы кері байланыс жүргізді. Келген қатысушылар өз пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті. Пайдалы ақпараттар алып, мол тәжірибе жинақтағандарын айта өтті. Ұжымға шығармашылық табыстар тіледі.