


ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ «РАХАТ» БАЛАБАҚШАСЫНДА
Қарашаның 17-жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 «Рахат» балабақша-бөбекжайына» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов пен ШҚО білім басшылары жұмыс сапарымен келді. Балабақшаның ішкі тыныс-тіршілігімен танысып, «Айсәуле» мектеп алды даярлық және «Мөлдір бұлақ» ересек топтарындағы балалармен сұхбат жүргізіп, түрлі сұрақтар қойылды. Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» пилоттық жобасы бойынша екі топ жұмысымен танысты. Педагог мамандардың пікірлері тыңдалды. Балабақшаға сәтті күндер, толағай табыстар, мол шығармашылықтар тіледі.