
ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
⠀
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы — біздің жалпы ұлттық міндетіміз»
⠀
Қасым-Жомарт Тоқаев
⠀
🔸️2022 жылдың қараша айының 23-і күні «№15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК ұйымдастыруымен «Балабақшадағы заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында қалалық мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған семинар жоғары деңгейде өтті.
⠀
🔸️Семинар мақсаты:
⠀
Балабақша педагогтерінің мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес топтарда заттық дамытушы орта құруға негіз болатын практикалық білімдерін тиянақтау.
Өскемен қаласы бойынша барлық балабақшаның әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Семинардың ашылу салтанатында балабақша директоры С.Б.Капезова алғы сөз сөйледі. Музыка жетекшілері және хореографтардың ұйымдастыруымен балабақша бүлдіршіндерінің құттықтауы болды. Тақырып бойынша әдіскер М.А.Казиева баяндама оқыды. Тәрбиеші Доматай Марал «Заттық дамытушы ортаны көркемдік жағынан безендіру жолдары» жайлы айтып өтті. Балабақша ішіне экскурсия жасалынды. «Мөлдір бұлақ» ересек тобы тәрбиешілері Адамбекова З.Қ, Айтмұхашова Р.Т және «Айсәуле» МАД тобы тәрбиешілері Жолдасбаева А.А, Тургамбаева И.С, «Балғын» ересек тобы тәрбиешілері Бекбаева Г.Ш, Базарбекова Л.Б, «Бүлдіршін» кіші тобы тәрбиешісі Сүлейменова А.Д
топ бөлмесінде заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру тиімділігі бойынша практикалық тұрғыда жұмыстар көрсетілді. Психолог Бекбаева Д.Д қатысушылармен рефлексия жүргізді. Барлық келген педагогтар ой бөлісіп, пікір алмасты, жақсы лебіздерін білдірді.