«Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе мен перспективалар» атты облыстық І слеті өтті.

«Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе мен перспективалар» атты облыстық І слеті

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы “Шығыс” өңірлік орталығының ұйымдастыруымен ағымды 2022 жылдың 14 қыркүйегінде Өскемен қаласы № 15 «Рахат» балабақша – бөбекжайы кешенді базасында Шығыс Қазақстан облысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының басшылары мен әдіскерлерінің «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе мен перспективалар» атты облыстық І слеті өтті.
Аталған іс – шара мектепке дейінгі білім беру жүйесінде басшы қызметкерлерінің мәртебесін арттыру және кәсіби имиджін қалыптастыру; менеджмент бойынша жұмыста озық әдістер – тәсілдерді пайдалану үшін әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өткізіліп отыр.
Слет жұмысына «Biliminvest» ұлттық қауымдастығының жетекші сарапшысы Жанар Байдаулетовна Бликова, облысымыздың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының 60 – тан аса меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.
Салтанатты шараның ашылуында сөз алған Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының м.а А.Ақылбек Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2022 жылы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауында жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталғанын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *